Архив событий

04/04/2014

Жоғарғы Сотта кезекті жалпы отырыс өтті

04/04/2014

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кезекті жалпы отырысы болып өтті. Оған Жоғарғы Соттың судьялары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Бас Прокуратураның және Әділет министрлігінің өкілдері қатысты.

Жалпы отырыста «Экономикалық саладағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік қаулы қабылданды.