Архив событий

28/04/2014

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Нұржан Қайыпжан «Хабар» телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасына қатысты

28/04/2014

Тікелей эфирде өткен бағдарлама Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылауға арналды. Бағдарламада азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеудің өзекті мәселелері сөз болды. Судья Н.Ү. Қайыпжан бағдарлама жүргізуші Ирак Елекеевтің Кодекстің жаңа редакциясында сот ісіне қатысушылар мен судьялардың процессуалдық құқықтары мен міндеттеріне қатысты қойған сұрақтарымен қатар, телекөрермендердің азаматтардың сотқа жүгіну тәртібін оңтайландыру мәселелеріне қатысты сауалдарына да жауап берді.

Жоғарғы Сот Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай мемлекеттік жоспарын іске асыруға кірісті

28/04/2014

Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі өкімімен бекітілген Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай мемлекеттік жоспарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.