Архив событий

21/04/2014

ҚР Жоғарғы Сот судьясы Е. Ақмолдаева халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

21/04/2014

2014 жылғы 21 сәуірде ҚР Жоғарғы Сот судьясы Е. Ақмолдаева Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының бастамасымен «Зияткерлік меншік – ХХІ ғасыр» VII Халықаралық форумы шеңберінде Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұйымдастырылған «Тауар таңбаларын құқықтық қорғауды ұсыну мен тоқтату: теориялық және практикалық мәселелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Шараға Ресей Федерациясы Жоғарғы Төрелік Сотының басшылығы мен судьялары, Кавказ, Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері зияткерлік меншік ұйымдарының өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысты.

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми Жапонияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

21/04/2014

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Масаёси Камохара мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан-Жапония қарым-қатынасының бүгінгі жағдайы мен келешегі талқыланды. 

Қ. Мәми жапондық елшіге ұлттық сот жүйесінің даму барысы, сот өндірісін жеңілдету, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.