ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми Жапонияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Масаёси Камохара мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан-Жапония қарым-қатынасының бүгінгі жағдайы мен келешегі талқыланды. 

Қ. Мәми жапондық елшіге ұлттық сот жүйесінің даму барысы, сот өндірісін жеңілдету, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.  

Тараптар Қазақстан мен Жапонияның жоғарғы сот органдары арасындағы тығыз ынтымақтастық құқықтық саладағы және жалпы екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға берік іргетас қалайтындығын атап өтті.  

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі