Ақмола облысының судьялары сақтандыру компанияларының өкілдерімен кездесіп, электронды сот ісін жүргізу сұрақтарын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотында әкімшілік істер бойынша электронды сот ісін жүргізу сұрақтарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Ақмола облыстық сотының судьялары, Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Н.Рахымберлин, Соттар әкімшісі басшылығы, «Kompetenz», «Kaspi страхование», «Коммеск-Өмір», «Виктория», «Казахмыс», «Нурполис», «Нефтяная страховая компания», «Цесна Гарант», «Amanat», «Казахинстрах», «Салем», «Казкоммерц-Полис» «Номад Иншуранс», «Standard» сақтандыру компанияларының өкілдері және Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімдерінің басшылары қатысты.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов 2016 жылдың 1 қыркүйектен бастап республиканың барлық мамандандырылған әкімшілік соттарында әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды электронды түрде сақтандыру компанияларына ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылғаны туралы атап өтті. «Бүгін осы жобаға мүдделі тараптар – судьялар мен сақтандыру компанияларының өкілдері, электронды жобаны қолдану кезінде туындайтын сұрақтарды талқылау үшін кезекті кездесуін өткізіп отыр» - деді Д.Сарымсақов.

Өз кезегінде, Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова облыс сотарымен қағазсыз құжат айналымына көшу және соттарда жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану белсенді түрде жүргізіліп жатқанын,  қаулылардың заңды күшіне енуі туралы белгісін қойдыртып, оны сақтандыру компаниясына беру үшін сотқа қайта  жүгіну қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді, тиісінше сөзбұйдалықты жоятынын атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары пікір алмасып, аймақта жобаны қолдану бойынша өзара әріптестікке табыс тіледі.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі