Ербол Ахметжанов Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Жамбыл облысының судьялар қауымына облыстық соттың жаңа төрағасы Ербол Ахметжановты таныстырды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарды.

Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық соттың бұрынғы төрағасы Рүстем Мырзакәрім, өңір судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары және адвокаттар қатысты.

М. Таймерденов Р. Мырзакәрімнің оң жұмысын атап өтіп, оған Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметінде табыс тіледі.                    

М. Таймерденов Е.Ахметжанов сот төрелігін сапалы жүзеге асыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру үшін сот жүйесінде өзінің кәсіби және көпжылдық жұмыс тәжірибесін пайдаланатынына сенім білдірді.    

Б. Сапарбаев Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындаудың қажеттілігін атап өтті.

 

Анықтама үшін:

Ербол Ұлатайұлы Ахметжанов 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келді.

1990 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірді.

2005-2009 жылдары - Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы.

2009-2014 жылдары - Алматы қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы.

2014-2017 жылдары - Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың төрағасы.

2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық соты