Қостанай облысының үш сотында фронт-офистер ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Владимир Долгих Рудный қаласында және мамандандырылған әкімшілік, сондай-ақ Лисаков қалалық соттарында фронт-офистерді салтанатты түрде ашты.

Ашылу салтанатына судьялар, сотқа келушілер, медиаторлар, адвокаттар және қалалардағы мекемелердің өкілдері қатысты.

Фронт-офис келушілерге ең қолайлы жағдайларды және кедергісіз жұмыс қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Фронт-офис - халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын ескере отырып жасақталған кең зал.

 Ақпараттық аймақта келушілерге күту залдары, өзіне-өзі «Сот кабинеті» қызметін  көрсету аймақтары, құқықтық көмек көрсету үшін медиатор және адвокаттар кеңселері, кіріс хат-хабарлар мамандарына еркін қолжетімділік көзделген. Стендтерде сот отырыстарының кестелері орналастырылған. Белгілі бір жаңалық - тараптарды іс материалдарымен таныстыру аймағы - кезекші сот орындаушысы тараптарға олардың істерін сотта қараудың жай-күйі туралы ақпарат береді.«Фронт-офистер соттарды басқару жүйесін, оның ішінде соттарды ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін жетілдіруге бағытталған», - деп атап өтті В. Долгих.

Источник: 
Қостанай облыстық соты баспасөз қызметі