Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!

Биылғы жылы еліміз осы айтулы мерекені Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында атап өтуде. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдары Конституцияны қабылдау жас мемлекетіміз үшін ең басты басымдықтардың бірі болды. Тарихқа шолу жасар болсақ, Конституция – кез-келген мемлекеттің табысты дамуының ең басты алғышарттарының бірі болып табылады. Бұл қағида біздің еліміз үшін де өзінің өміршеңдігін айқын дәлелдеп отыр.

Конституцияны әзірлеу мен қабылдау ісінде Ұлт көшбасшысының қосқан зор үлесін атап өткен жөн. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Конституцияның сенімді кепілі ретінде адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мемлекет құру жолын айқындап берді.  

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің қамтылғанын айғақтайды.

Еліміздің Ата Заңы – адам мен азаматтың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі. Судьялар мен сот қызметкерлері осы қағидатты күнделікті жұмысында берік ұстанып келеді. Жүйелі жұмыстың нәтижесін қазақстандықтардың жоғары бағалап отырғандығы қуантады. Ағымдағы жылы жүргізілген сауалнамаға қатысқан респонденттердің 74,4% республика соттарының жұмысына қанағаттанушылық білдірген. Ұлт Жоспарына сәйкес сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар іске асырылуда.

Мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және табыс тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  Төрағасы                                                                                       Қайрат Мәми