Оралда Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы» Заңын қолдануды түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел өтті»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оралда Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы» Заңын қолдануға байланысты мәселелерді талқылауға арналған «Ұлт жоспарын жүзеге асыру - іс жүзінде дауды балама жолмен шешу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының үйінде өтіп, оған  облыс соттарының төрағалары мен судьялары, Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрақты жұмыс істейтін төрелік төрағасы, мемлекеттік және құқыққорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, коммуналдық қызмет өкілдері және ғылыми қауым шақырылды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Аметов «дөңгелек үстелді» алғы сөзбен ашып, Елбасының тапсырмасы бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 24 қадамын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылдың 8 сәуірінде кәсіпкерлер мен инвесторлардың отандық төрелікке қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған «Төрелік туралы» жаңа Заңы қабылданғанын айтты. Заңда төрелік саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру, дауды реттеудің баламалы жүйесін дамыту, соттардың жүктемесін азайту қарастырылған. Жаңа ендірім дауды соттан тыс шешу жүйесін нығайту және дамыту үрдісіне оң әсер етуге шақырады.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бахытбек Бегалиев өз сөзінде азаматтық-құқықтық дауларды соттан тыс реттеу бойынша ішкі және халықаралық төрелік сотының қызметін құқықтық қамтамасыз етудің бірыңғайлығы мақсатында жасақталған заңның негізгі бағыттарын түсіндірді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрақты жұмыс істейтін төрелік төрағасы Еркебұлан Мирманов төреліктің түрлері және төрелік іс қараудың принциптері туралы айтты. Ол сөзінде заңның ең маңызды жаңашылдығының бірі бұл төрешілер қызметін жүзеге асыруға, ынталандыруға және қолдауға қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз ететін, олардың ұлттық және халықаралық деңгейде алға жылжуына ықпал ететін Қазақстанның Төрелік палатасының құрылуы және жұмыс жасауы болып табылатындығын баса айтты.

Кездесу барысында спикерлер төрелік сотының талқылауына жатпайтын даулар санатын, берешек соманы өндіру туралы талап арызды қарау барысындағы төрелік талқылауын дамытудың келешегін айқындады.

Шара соңында қатысушылар жалпы жаңа Заңның халықаралық стандарттарға сәйкес, концептуалды нормалары мен ережелерін құрайтындығын атап өтті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі