Шығыс Қазақстан облыстық соты «Медиация – заманауи қажеттілік» деген тақырыпта халықаралық конференция өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Медиация – заманауи қажеттілік» деген тақырыптағы халықаралық конференцияны  Шығыс Қазақстан  облыстық соты, ҚР Судьялар одағының Шығыс Қазақстан  облыстық филиалы мен  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан  Мемлекеттік универсиеті ұйымдастырып өткізді.

Форум жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Республика Судьялар одағының төрағасы  Мұсабек Әлімбеков, облыстық сот төрағасы Нұрлан Қаирбеков, жоғарыда аталған жоғары оқу орнының ректоры Мұхтар Төлеген, судьялар, медиаторлар, прокуратура, әділет және полиция, нотариаттық палата, ҚХА, құқыққорғау ұйымдары мен адвокаттар алқасының өкілдері қатысты. Сондай-ақ ЕЭО Хатшылығы басшысының орынбасары Евгений Курбатов, Медиация және келіссөздер орталығының жаттықтырушысы (Минск қ.) Алеся Пухова, Рязань медиация және құқық орталығының жетекшісі Самир Гараев, «Вестник медиации» журналының редакторы (Мәскеу қ.) Светлана Шуренкова, Бірінші Иркутск медиация қызметінің  директоры Анастасия Архипкина, «Территория согласия» Медиация орталығының атқарушы  директоры (Красноярск қ.) Ольга Дрянных, Қырғызстан  республикалық медиаторлар қауымдастығы басқармасының төрайымы  Гульсина Кожаярова қатысты.

Барлығы бұл іс-шараға жүзден аса медиаторлар, ғалымдар, оқытушылар мен судьялар қатысып, азаматтық-құқықтық,  корпоративтік, экономикалық және шаруашылық даулар бойынша медиация рәсімін қолдану мүмкіндіктері мен перспективаларын, ұлтаралық және дінаралық дау-жанжалдарды реттеудегі медиацияның әлеуетін талқылау мақсатын көздеді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың атынан құттықтай отырып, Ұ.Сүлейменова медиацияны қолдану әлеуетіне тоқтала ке,тті, татуласу ізгілік пен адамгершіліктің жоғары көрінісі екенін атап өтті. «Бұл жерде Ұлыбритания сияқты елдердің халықаралық тәжірибесіне арқа сүйеп теңесу қажет, мұнда даулардың негізгі бөлігі  медиацияның көмегімен шешіледі»,- деді Ұ.Сүлейменова. Спикер Жоғарғы Соттың бұл бағытта «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыру аясында жоспарлы жұмыс жүргізіп келе жатқанын, республика бойынша  25 соттан тыс татуласу орталықтарының ашылғанын, оларда медиаторлардың, психологтардың, конфликтологтардың,  адвокаттар мен нотариустардың тұрақты жұмыс істеп келе жатқанын тілге тиек етті. 80-ге жуық судья-татуластырушылардың соттардағы жұмысының тиімділігі  туралы аталып өтілді.

Форумда сөз сөйлей отырып, Н.Қаирбеков медиативтік рәсімдерді танымал ету бойынша өңір соттары жүргізіп келе жатқан жұмыс туралы қонақтарға ақпарат берді. «Облыста 5 татуласу орталықтары, соттар, әкімдіктер мен кәсіподақ ұйымдары ғимараттарында 80-нен астам медиация кабинеттері ашылып, жұмыс істеп келеді. Олардың бәрі туындаған даулар мен жанжалдарды бітімгершілікпен реттеуге, қоғамдағы дауласушылықты төмендетуге бағытталып отыр,- деді ол.

М.Әлімбеков билер кеңесін дамытудың келешегі туралы тілге тиек ете келіп, ақсақалдардың тәжірибесін, абырой-беделі мен білімін дауласушы тараптарды татуластыру рәсімін өткізуге пайдалану қажет екенін атап өтті.

Конференцияға қатысушылар бірінші сессия барысында  мектеп медиациясын дамыту мәселелерін, еңбек дауларын реттеудегі кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен отбасылық соттар жұмысының халықаралық практикасын талқылады. Екінші сессияда азаматтық-құқықтық,  корпоративтік, экономикалық және шаруашылық даулар бойынша медиация  рәсімдерін қолдану мүмкіндіктері мен перспективалары, қылмыстық істер бойынша қалпына келтіру медиациясы талқылауға тиек болды. Ұлтаралық және дінаралық дау-жанжалдарды реттеудегі медиацияның әлеуметтік-мәдени әлеуетін арттыру мәселесі пікірталас нысанына айналды.

Мәлім етілген бағдарлама аясында талқыланып отырған мәселелер бойынша Қырғызстан мен Ресей судьялар қоғамдастықтарының өкілдері Анастасия Архипкина, Гульсина Кожаярова мен Светлана Шуренкова, ал Медиация және келіссөздер орталығының медиаторы, жаттықтырушысы Алеся Пухова - Беларусьтегі медиацияны өткізу тәжірибесі туралы ойларын ортаға салды.

Облыстық соттың судьясы, Судьялар одағы филиалының төрағасы Елдос Жұмақсановтың сөйлеген сөзі форумға қатысушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Ол  республикадағы  медиацияның қаз тұрып қалыптасу кезеңдері мен татуласу рәсімдері бойынша  пилоттық жобалар туралы айтып берді.

Халықаралық құқыққорғау орталығы мен Қазақстан медиаторлар қауымдастығының өкілі Жанділдә Жақыпов медиация мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды жайып салды.

Конференция қорытындылары бойынша оған қатысушылардың мақалалары мен баяндамаларының жинағы басып шығарылатын болады.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі