Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Салтанатты іс-шараға Курчатов қалалық сотының төрағасы Эльмира Рауясова, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Алексей Глазинский, прокурор Санат Қабдрахманов және қорғаныс істері жөніндегі қалалық бөлімнің басшысы Айдос Медетбеков қатысты.

Азаматтарға кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейтін өңірдегі осы алтыншы соттың фронт-кеңсесіне ақпараттық орталық пен құқықтық қызметтер кабинеті кіреді. Онда азаматтар адвокат пен медиатордан кеңес ала алады. Ол қажетті ұйымдастыру техникасымен, сот отырыстарының кестесі жазылған және талап арыздардың үлгілері бар стендтермен жабдықталған.

Өңірдің соттары әділ сот қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды белсенді өткізеді.  Мысалы, жайлы фронт-кеңселер мамандандырылған ауданаралық экономикалық, қылмыстық істерді қарайтын Өскемен және Семей қалалық, Өскемен №2 және №2 ювеналды соттардың сұрқай кеңселерін алмастырды.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі