Жастар арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жастар арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру және жас отбасыларды қолдау жобасы таныстырылды.

Іс-шараға судьялар, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, Қазақстан жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығының, сондай-ақ АХАТ, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері қатысты.

Жоба «Отбасылық сот» бағдарламасының және облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде іске асырылуда. Ол дағдарыс ахуалындағы отбасыларды сақтауға және адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға бағыттала отырып, ағымдағы жылдың сәуір айынан қарашаға дейін жүзеге асатын болады.

Атап айтқанда, Қазақстан жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы  АХАТ органдарында және «Отбасылық сот» пилоттық жобасы іске асырылатын соттарда азаматтарға консультациялық және психологиялық көмек көрсететін болады. АХАТ органдарында некеге тұратын жастарға ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, отбасылық психологияның әліппесі түсіндіріледі. Ювеналды, қалалық және аудандық соттарда некені бұзу туралы арыз берген ерлі-зайыптыларға отбасын сақтау мақсатында психологиялық көмек көрсетілетін болады. 

Жоба отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды нығайтуды насихаттайтын қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыруды көздейді (Жас отбасылардың конкурсы және отбасылық спорттық іс-шаралар).

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі