Жоғарғы Соттың судьясы А.Рахметулин Өскеменде өткен ғылыми-практикалық форумде сөз сөйледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында алқабилердің қатысуымен соттар қарайтын істердің санаттарын кеңейту жөнінде ғылыми-практикалық форум болып өтті.

Форум жұмысына судьялар, жоғары оқу орындарының, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Сот әкімшілігінің, Сот төрелігі академиясының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, облыс әкімдігі аппаратының, прокуратурасының, адвокаттар алқасының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Талқылауды ашқан облыстық соттың төрағасы Манат Көміршінов алқабилер қарайтын қылмыстық құқық бұзушылық құрамын алдымен 31-ге дейін, ал 2024 жылдан бастап 44-ке дейін арттыруға, сондай-ақ, 2023 жылғы 1 шілдеден алқабилер тізімін бірыңғай дерекқорға енгізуге қатысты ереженің күшіне енетінін еске салып өтті. 

Абай Рахметулин өз сөзінде Қазақстандағы сот реформаларына, сот жүйесін демократияландыру тәсілдеріне, жалпы оған деген сенімді арттыруға, сондай-ақ алқабилер қарайтын істер санатын кезең-кезеңімен ұлғайту қажеттігіне тоқталды.

Форум барысында талқыланған мәселелер жөнінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Төлеген, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы м.а А.Бакин, Республикамыздың Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі С.Мизанбеков, облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.Қоянбаев пікірлерін ортаға салды. Олар алқабилер институтын одан әрі дамыту, алқабилерге кандидаттарды сотқа дейін іріктеу, кандидаттар тізімін сапалы жасақтау, сондай-ақ, хабарландыру жүйесіне, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жайына назар аударды.

Форумда сындарлы пікір алмасылды.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі