Жоғарғы Соттың судьясы Д.Әмір Семейде алқабилер соты институтын дамыту жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семейде (Абай облысы) «Alikhan Bokeikhan Universitety» қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің базасында «Алқабилер соты. Шындықтар мен перспективалар» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Оның жұмысына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, Жоғарғы Соттың судьясы Досжан Әмір, Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы Әділ Құрықбаев, Қазақстан, Ресей және Қырғызстан судьялары мен ғалымдары, құқық қорғау органдары мен адвокатура өкілдері қатысты.

Конференцияны аша отырып, облыстық соттың төрағасы Қайрат Шақпантаев сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істердің санаттары Заңмен кеңейтілгенін, форумға қатысушылардың қылмыстық-процестік заңнамасын жетілдіруге бағытталғанын еске салды. Ол сондай-ақ, Қазақстанда 2007 жылдан бастап енгізілген алқабилер институтының азаматтарды сот төрелігін іске асыру процесіне тартуға бағытталғанын айтты. «Алқабилер сотының соттылығын кеңейту сот төрелігін демократияландыруға және тараптардың жарыспалылығы мен кінәсіздік презумпциясы сияқты қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаттарын іске асыруға ықпал етеді», - деді өз сөзінде спикер.

Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, Н.Ұранхаев алқабилер сотының соттылығын кеңейту сот ісін жүргізуді жетілдіруге, соттарға деген сенімді күшейтуге және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік беретініне тоқталды.

Д.Әмір алқабилер сотының соттылығын одан әрі нығайтуда қабылданған заңның маңыздылығын атап өтті.

Алқабилер сотын құру тұжырымдамасын жасаушылардың бірі Ә.Құрықбаев алқабилердің шешуіне жататын мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Әкетай алқабилердің қатысуымен істерді қарау ерекшеліктері туралы айтты.

Конференцияға қатысушылар оның барысында алқабилер институтын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстарды қызу талқылап, өзара сындарлы пікір алмасты.

Қайнар: 
пресс-служба Восточно-Казахстанского областного суда