Сот 90 миллионнан астам теңгеге медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ЖШС екінші ЖШС-не берешекті өндіру туралы арызбен жүгінді.

Өтініш беруге жауапкердің 130 миллион теңгеге ыстық қатты ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасын жеткізу шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамау себеп болды.

МЭАС судьясы сот отырысында тараптарға жанжалды балама жолмен шеше алу құқықтарын, сондай-ақ медиация рәсімдерін жүргізу ерекшеліктері мен салдарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптар дауды медиация арқылы реттеу туралы бірлескен шешім қабылдады. Сонымен, талапкер мәлімделген талаптардан бас тартты, ал жауапкер өз кезегінде талапкерге 91 623 526 теңге негізгі берешекті, тұрақсыздық айыбы мен сот шығыстарын соттың келісімді бекіту туралы ұйғарым күшіне енген күннен бастап 2 ай ішінде төлеуге міндеттенді.

Медиативтік келісім жасаудың басымдығы талапкерге 2 738 206 теңге төленген мемлекеттік бажды қайтару себеп болды.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі