Архив событий

01/03/2024

Сот әкімшілігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды

01/03/2024

Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев Қарағанды ​​облыстық сотының судьялары мен қызметкерлеріне Сот әкімшілігінің облыс бойынша департаментінің жаңа басшысы Мирлан Қызыловты таныстырды.
Іс-шараға Қарағанды ​​облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов қатысты.

Ж.Шәкиев М.Қызыловтың ішкі істер органдарындағы бай кәсіби тәжірибесін, білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін атап өтті.

Cпикер департаменттің жаңа басшысына бірқатар міндеттер қойып, оның облыс соттарының жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыруға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 53 іс қарады

01/03/2024

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 53 іс қарады.
Оның бірінде К.Горбуновқа қатысты іс бойынша қылмыстық іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 296-бабының 2-бөлігі бойынша 80 сағат қоғамдық жұмыстарға сотталған К.Горбуновқа қатысты істі қарады.