Архив событий

13/03/2024

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

13/03/2024

Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, аналитикалық блок айтарлықтай күшейтіліп, Жоғарғы Соттың жалпы нормативтік қаулыларының үшінші бөлігіне түзетулер енгізілді. Бұдан бөлек, тергеу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі жақсара түсті. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартатын жағдайлардың және алқабилердің қатысуымен сотта қаралатын істердің саны мен бітімгершілік келісіммен аяқталған азаматтық даулардың үлесі артты.

Жоғарғы Сот ЖШС-ні банкрот деп тану туралы арызды қанағаттандырудан бас тартты

13/03/2024

Құрамында төрағалық етуші Н.К.Шәріпов, судьялар Б.Р.Ералиева мен Н.Қ.Сұлтанов бар Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы ЖШС-нің банкрот деп тану туралы арызына қатысты азаматтық іс бойынша жергілікті соттардың сот актілерін қайта қарау туралы Банктің өтінішхатын қарады.
 
Істің түйіні:
Серіктестік 23 миллион теңгеден астам салық берешегінің бар екенін және оны өтей алмайтынын алға тартып, банкрот деп тану туралы сотқа арызбен жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот борышкердің арызын қанағаттандырған.