Архив событий

26/03/2024

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

26/03/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

26/03/2024

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады.

Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.

Жоғарғы сот кәсіпкердің заңды мүддесін қалпына келтірді

26/03/2024

6001-23-00-3ГП/530
 
Екі кәсіпкерлік субъектісі арасында 2021 жылдың соңына дейін 217 миллион теңгеге орнату арқылы тауар сатып алуға шарт жасалған.

Сатушы шарт талаптарын орындағанын, тараптардың тауарды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойғанын және тауарды орнату бойынша атқарылған жұмыстарды алға тартып, 156 млн теңге берешегін және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюшы ұсынған құжаттармен тауардың жеткізілгендігінің расталғанын атап өтіп, талап қоюды қанағаттандырған.