Архив событий

27/03/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті

27/03/2024

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті.

Процесс ашық режимде өтті. 

БАҚ өкілдері үшін сот отырысының онлайн-трансляциясы бар жеке зал ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара Жоғарғы Соттың YouTube арнасында барлығына көрсетілді. Бұл туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде алдын ала хабарланды.

Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

27/03/2024

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.

 Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

 Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-ге белгіленді.