Ағымдағы жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Сот судьялары, жергілікті және өзге де сот судьялары, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Судьялар одағының төрағасы, ҚР Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, шетелдік сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады. 

Шараның өтетін орны: Астана қ., Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимараты.

Шараның басталу уақыты – сағ. 10.00.

Дөңгелек үстел жұмысын жария көрсету үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Журналистерді аккредитациялау 2014 жылғы 15 сәуірден бастап осы жылғы 24 сәуір күні сағат 16.00-ге дейін pressa@supcourt.kzakbasova_a@sud.kz электронды мекен-жайлары бойынша жүргізіледі.

БАҚ өкілдерін дөңгелек үстел өтетін күні сағат 09.30-дан кешікпей келулерін сұраймыз.  

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі