Жаңалықтар

Жоғарғы Сот басшылығы азаматтарды қабылдады

06/08/2013

 Қуатты да табысты құқықтық мемлекеттің басты межесі халық игілігіне қалтқысыз қызмет ету. Ендеше, азаматтардың Ата заңымыз бен заңдарда көзделген құқықтары мен бостандықтарын, олардың заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген немесе оларды шектейтін іс-қимылдарды сот арқылы қорғау басты міндет. Алайда, шығарылған сот шешімдеріне көңілі толмай, әділдікке арқау іздейтін жандар да жоқ емес. Осындай мақсатқа орайлас келген 13 азамат Жоғарғы  Сот Төрағасының міндетін атқарушы Ақылтай Қасымовтың қабылдауында болды. 

Жоғарғы Сот: В.Козловқа қатысты сот актілері қайта қаралмайтын болды

05/08/2013

Жоғарғы Сот қадағалау тәртібімен іс қозғаудан бас тартты және Владимир Козловқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. 

«Сот актісін қайта қарау үшін негіз болмағандықтан, біз  қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы шешім шығардық» - деді Жоғарғы Сот судьясы Моряк Шегенов.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2012 жылғы 8 қазандағы үкімімен В. Козловты мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Үш адамның өмірін қиған тұлға жазаланды

01/08/2013

 Қаланың қайнаған тіршілігіне үлгеру үшін асығыс жандардың қауіпсіздік шараларына салғырт қарауы салдарынан жол апаты жиі болып жатады. Сондай қайғылы оқиға нәтижесінде қаншама адам жер құшты десеңізші... Осындай оқыс оқиға Орал қаласында орын алып, үш адамның өмірі бір сәтте үзілді.  

Оқиғаның өрбуіне шегініс жасасақ, Батыс Қазақстан облысының орталығында орналасқан Жәңгір хан көшесінде үш бірдей көлік, яғни  «Лада-Приора», «Аудио-6» және жолаушылар тасымалдайтын автобус соқтығысқан. Алайда, оны көптеген куәлар көріп, жағаларын ұстаған.

Алаяқтардан соры қайнады

30/07/2013

Алаяқтық жасалған жерде алдау-арбау сынды арсыз қасиеттер көрініс беретінін өмірлік тәжірибе әуел бастан дәлелдеп қойған. Бұл індетпен күрес бүгінгі таңда әлемдік сипат алуда. Сондай жағымсыз жайттың бірі Батыс Қазақстан облысында орын алып, аудандық сот екі адамға қатысты үкім кескен. 

Соттың үкімі бойынша

26/07/2013

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Р.Тасмамбетовтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабы, 2-бөлігінің «а, д» тармақтарымен, 178-бабы 2-бөлігінің «а,в» тармақтарымен, 120-бабы, 3-бөлігінің «в» тармағымен және 121-бабы 3-бөлігінің «в» тармағымен сотқа берілгендер: Есмагамбетов А.М., 25.11.1982 ж., Жиенқұлов Н.Ж., 02.04.1980ж., Қазтуғанов А.Қ, 29,06,1989 ж., Телегусов Е.Т., 12.11.1987 ж., Қабышев Н.У.

Челахтың ісі Жоғарғы Сотқа түсті

24/07/2013

 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына адвокат С.К. Сәрсеновтен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-бөлігінің  «а,в, д, к, н» тармақтарында, 172- бабының 1-бөлігінде, 175-баптың 2-бөлігі. «б, в» тармақтарында, 255-бабы 3-бөлігінің   «а» тармағында, 251-бабының  1-бөлігінде, 387-бабының 2-бөлігінде,  145-бабының  2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған В.В.Челахқа қатысты сот актілерін сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтініш келіп түсті.

Генерал Ильясовқа және басқаларға қатысты сот отырысы басталды

23/07/2013

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Алматы қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311 - бабының 5 - бөлігінде, 380 - 1-бабының 2 - бөлігінің «в» тармағында, 235 - бабының 3 бөлігінде көзделген ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандары үшін генерал-майор А. Ильясовқа, подполковник Д. Елемесовке,  капитан А.

Габдуллинге және аға сержант А. Есимовке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауына кірісті.

Алаяқтар құрықталды

22/07/2013

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы мен жедел-іздестіру уәкілі оңай олжа табудың  жолын ойлап тапқан.

А.Фомин бостандыққа шығады

19/07/2013

19 шілдеде Алматы облыстық соты А.В.Фоминге қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы 2013 жылғы 02 шілдедегі Талдықорған қалалық сотының қаулысына сотталғанның және оның қорғаушыларының келтірген жеке шағымдарына қатысты  материалды қарады. 

Бұрын белгілі болғандай, Талдықорған қалалық соты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдырған. Аталған соттың қаулысына сотталушы және оның қорғаушылары апелляциялық тәртіпте шағым келтірген.  

Беттер