«Сот кабинетінің» жаңа мүмкіндіктері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот онлайн сервистердің пайдаланылуына сот процесіне қатысушылар мен азаматтардың пікірін ескеріп, тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

«Сот кабинеті» негізгі онлайн сервистердің бірі болып табылады. «Сот кабинеті» іске қосылған сәттен бастап пайдаланушылар оның ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалады.

Мәселен, 2016 жылдың 9 айында «Сот кабинеті» арқылы 512 658 электрондық құжат, оның ішінде 441 175 талап арыз берілді. Бұл  барлық түскен талап арыздардың 78,5 % құрайды.

Сервис жетілдірілуде және сот жүйесінің басты электрондық сервисі ретінде өзге бейнеден көрінуде. Бүгін біз азаматтарға ыңғайлы болуы үшін сот бұйрығын шығаруға арналған арызды жіберуге сервисті бөлек шығардық, сондай-ақ:

- жеңілдетілген тәртіппен шығарылған шешімнің күшін жою туралы арыз;

- мемлекеттік бажды  қайтаруға арыз;

- жеке айыптауға шағым;

- үкімді орындауға енгізгенге дейін сотталған адаммен кездесуге рұқсат беруге арыз жіберу үшін азаматтық және қылмыстық істер бойынша жаңа сервистерді іске қостық.

Осы арыздар мен шағымды жіберу үшін пайдаланушы өтініштің ұсынылған нысанын толтырып, қоса берілетін құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеуі және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып, тиісті сот органына жіберуі қажет. Осылайша, пайдаланушыға сотқа барудың және кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұл азаматтардың уақытын және қаржы шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта өтініштің және істің қаралу барысын қарап шығуға болады.

Сонымен қатар, жылдың соңына дейін сот процесін кейінге қалдыру, талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыздың күшін жою туралы арызды жіберу үшін сервистерді тағы іске қосу жоспарланып отыр және «Сот кабинетінің» мобильдік қосымшасы жаңғыртылуда. Сервистің жаңа мүмкіндіктеріне байланысты әр қызмет бойынша жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар мен бейнесабақтары жаңартылатын болады.

Барлық жаңа енгізілімдерді және жаңғыртуды ескере отырып, соттардың халықпен екіжақты өзара іс-қимылына және тұтастай алғанда сот ісін жүргізуді оңайлатуға арналған «Сот кабинеті» бірыңғай, көп функциялы терезе рөлін атқаратын болады.

Қайнар: 
Пресс-служба Верховного Суда РК