Жоғарғы Сотта ақпараттық-коммуникациялық сервистерді кеңінен қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға Департамент басшылығы, ҚР Жоғарғы Соты аппаратының бөлім меңгерушілері мен жауапты қызметкерлері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы жергілікті соттар кеңселерінің басшылық құрамы қатысты.

Кеңес барысында «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті» ақпараттық сервистерін кеңінен қолдану, ҚР Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсын контенттік сүйемелдеу және т.б. мәселелер талқыланды.

2014 жылдың 9 маусымы мен 15 тамызы аралығында «Сот құжаттарымен танысу» жобасы бойынша республика соттарына қолма-қол түрде 105 003 өтініш тіркелді және оларға 95 090 талон берілді.

Ағымдағы жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы 3 664 талап арыз қабылданды. Өткен аймен салыстырғанда электронды қызметті тұтынушылар қатарының артуы (2014 жылғы маусымда – 1002 талап арыз) байқалуда.

Сонымен қатар, сот органдарының «Қазпочта» акционерлік қоғамымен өзара байланысын одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Өзара іс-әрекет схемасының 1-кезеңін іске асыру арқылы сот органдарының жөнелтілімдеріне «Қазпочта» АҚ тағайындайтын бірегей штрихтік сәйкестендіргіш арқылы  соттар почталық жөнелтілімнің ағымдағы жеткізілу деңгейі туралы хабарламала алып отыруға мүмкіндік алды. 

Департамент басшысы кеңеске қатысушылар назарын Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың веб-сайтын ақпараттық ілгерілету жұмысын одан әрі күшейту қажеттігіне аударды. Google Analitics деректеріне сүйенсек, осы жылғы шілде айында Жоғарғы Соттың интернет-ресурсын қолданушылардың қатары тәулігіне орташа есеппен 2321 адамды құрады. Маусым айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13%-ға артқан.

Кеңес соңында І.С. Испанов облыстық  және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілеріне жұмысты күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі