сот кабинеті

Оралдағы екі сотта сот органдарының электрондық сервистеріне қолжетімділік үшін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мобильді ХҚКО іске қосылды

05/09/2017

Жоғарғы Соттың Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және Мемлекеттік корпорациясымен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде «Азаматтарға арналған Үкімет» пилоттық жобасының шеңберінде соттарда азаматтарға электронды санды қолтаңба (ЭСҚ) беру ісін оңайлату мақсатында Батыс Қазақстан облысының екі сотында: Орал қаласының №2 соты және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мобильді ХҚКО бөлімшесі ашылды.

Соттарда электрондық цифрлық қолтаңба алу - қолжетімді әрі жедел іске асатын процесс

31/08/2017

Сот қызметінде ақпараттық технологияларды дамыту және кеңінен қолдану Жоғарғы Соттың басым бағыттардың бірі болып табылады.

Жоғарғы Соттың 2014 жылы іске қосылған «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі азаматтарға, олардың өкілдеріне және адвокаттарға сотқа талап- арыздарды, апелляциялық шағымдарды, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатты және электрондық түрде өтінішті, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттарын, сондай-ақ іс бойынша мәртебесін көруге және т.б. мүмкіндігін береді.

Қарағандыда «Сот кабинеті» сервисі ақпараттық жүйесінің белсенді пайдаланушылары марапатталды

12/12/2016

Қарағанды облыстық сотында «Сот кабинеті» сервисін белсенді пайдаланушылар арасындағы облыстық сайыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі онлайн-сервистарғе және сот органдарының қызметіне қол жеткізудің бірыңғай терезесі, сот жүйесінің органдары мен халықтың өзара әрекеттестігі бойынша оң нәтиже береді.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы сот құжаттарына апостиль қою

02/11/2016

Апостиль қою рәсімінің мақсаты – Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түрнұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде ресімдеуді қамтамасыз ету.

Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті сот органдарынан шығарылатын ресми құжаттарға апостиль қою өкілеттігіне ие мемлекеттік орган болып табылады.        

«Сот кабинетінің» жаңа мүмкіндіктері

06/10/2016

Жоғарғы Сот онлайн сервистердің пайдаланылуына сот процесіне қатысушылар мен азаматтардың пікірін ескеріп, тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

«Сот кабинеті» негізгі онлайн сервистердің бірі болып табылады. «Сот кабинеті» іске қосылған сәттен бастап пайдаланушылар оның ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалады.

Мәселен, 2016 жылдың 9 айында «Сот кабинеті» арқылы 512 658 электрондық құжат, оның ішінде 441 175 талап арыз берілді. Бұл  барлық түскен талап арыздардың 78,5 % құрайды.

Жоғарғы Сот сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушыларды сауалнамаға қатысуға шақырады

30/03/2016

Жоғарғы Сот ағымдағы жылғы 4 сәуірден бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізуді бастайды.

Сауалнама жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңа қызметтері іске қосылды

26/03/2016

Мемлекет басшысының республика судьяларының алтыншы съезінде берген тапсырмаларының бірі азаматтардың сот төрелігіне кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу мәселелері. Осы міндеттің қалай орындалып жатқаны туралы Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов былай деп хабарлады:

«Сот кабинеті» сервисі енді мемлекеттік органдардың әрекетіне шағым жолдауға мүмкіндік береді

29/02/2016

Қазақстандағы сот билігін дамытудың маңызды басымдықтары 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған. Оларға ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейту, сот ісін жүргізуді оңайлату, сот  төрелігінің қолжетімдігін, ашықтығын және айқындығын арттыру кіреді.

Бас редакторлар клубының мүшелері сот жүйесінің жаңа технологиялармен танысты

26/02/2016

Бүгін Астана қалалық сотында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испанов Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесу өткізді. Іс-шараға Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьясы Е.Максюта, Департамент пен Астана қаласы кеңсесінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – БАҚ басшыларын соттардағы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жұмысымен және мүмкіндіктерімен таныстыру. 

Қарағандыда сот ісін электронды түрінде жүргізіп, сот органдарына істердің автоматтандыру бойынша мәселелерді талқылады

10/08/2015

«Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» ММ басшысының орынбасары, Д. Ахашов ішкі істер департаменті, ішкі істер басқармасы, әкімшілік іс бойынша басқарма және полиция бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен, «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық істер туралы және оларды одан әрі қарай істің қаралуы, сот ісін электронды түрінде жүргізіп,  сот органдарына сот ісін автоматтандыру» мәселелері бойынша,  селекторлық кеңеске қатысты.

Селекторлық кеңесті ішкі істер департаментінің бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б. Қасенов ашты.

Беттер