Архив событий

27/10/2017

Әскери сот төрағасы С.Абдолла Қостанай гарнизонының әскери қызметшілерімен кездесті

27/10/2017

Кездесу барысында С.Абдолла жиналғандарға республиканың әскери соттары ағымдағы жылы өзінің 25 жылдығын атап өткені туралы жеткізді. 1992 жылы Қазақ КСР-ның аумағында орналасқан əскери трибуналдар Қазақстан Республикасының құқықтық билігіне берілгенін еске салды.

Астана қалалық сотында татуластыру рәсімдері бойынша мәселелер талқыланды

27/10/2017

«Сот ісін жүргізудегі татуластыру рәсімдері, соның ішінде партисипативтік рәсімдерді қолдануды жандандыру» тақырыбында  «дөңгелек үстелде» судьялар, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілі, Астана қаласы нотариалдық  палатасы төрағасының орынбасары, прокурорлар, адвокаттар, «Медиацияны дамыту орталығы», кәсіпкерлер палатасының және коммуналдық қызмет көрсету саласының өкілдері қатысты. 

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы М.Әкетай Хромтау ауданының тұрғындарымен кездесті

27/10/2017

Мұратғали Әкетай қызметтік сапар барысында Хромтау ауданына барып, тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында облыстық сот төрағасы Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Мемлекет басшысы тапсырған барлық маңызды тапсырмалардың сот жүйесінде ойдағыдай іске асырылғанын атап өтті. М.Әкетай сот саласында кеңінен қолданылып жүрген заманауи ақпараттық технологиялардың артықшылықтарына кеңірек тоқталып өтті.