Архив событий

31/10/2017

Павлодар облыстық соты мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

31/10/2017

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында салтанатты түрде Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов және облыстың ірі бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Аумақтық деңгейде тиімді өзара әрекеттесу үшін негіздеме болатын құжат Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов пен Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Серік Байсейітовтың қолтаңбаларымен бекітілді.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

31/10/2017

Бүгін облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай өңір тұрғындарымен интернет-конференция өткізді.

Шараның негізгі мақсаты сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықпен диалог орнатып, сот қызметі туралы ақпараттандыру болып табылады.

Облыс тұрғындары өткізілетін шара туралы алдын - ала облыстық соттың ресми сайты арқылы хабардар етілді.

Қарағанды облысының МАЭС тұтынушыларға 1 миллиардтан аса теңгені қайтаруды міндеттеді

31/10/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаметі» РММ-нің жауапкер «Жезқазған Энергосбыт» ЖШС-нен тұтынушыларға негізсіз табысты қайтаруға міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот  талап арыздарын қанағаттандырды.

Атырауда құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдіру және қылмыстық процесті реформалау аясында дайындалған Заң жобасы талқыланды

31/10/2017

Атырау облыстық сотында құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдіру және қылмыстық процесті реформалау мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға облыс судьялары, облыстық адвокаттар алқасының, Ішкі істер Департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Жетісу мемлекеттік университетіндегі салтанатты іс-шараға қатысты

31/10/2017

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 45-жылдық мерейтойына арналған  салтанатты іс-шарада сөз сөйледі.

Іс-шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, облыс прокуроры Азамат Жылқыбаев, ІІД-нің бастығы Мұрат Ұрұмханов, ҰҚКД бастығы Сәбит Құрманалиев, Алматы облысы бойынша МҚІА Ұлттық Бюросының департаментінің бастығы Олег Аликов қатысты.

Қарағанды облысының Ұлытау аудандық сотында сирек кездесетін жануарлардың заңсыз айналымы бойынша қылмыстық іс қаралды

31/10/2017

Қарағанды облысының Ұлытау аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339 бабы («Заңсыз сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктері немесе туындыларын заңсыз айналымы») бойынша қылмыстық іс қаралды.