Архив событий

24/10/2017

Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары сот органдары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24/10/2017

Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми бастаған қазақстандық делегацияның Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары басталды. Іс-шара Ташкент қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы Сот төрағаларының XII кеңесінің шеңберінде өтуде.

Түркияның судьялары мен прокурорларынан құралған делегация Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді

24/10/2017

Бүгін Түркияның Жоғарғы Сот төрағасы бастаған Исмаил Рюштю Джирит делегация Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді. Оның құрамына Түркия Жоғары кассациялық сотының Бас республикалық прокуроры Мехмет Акарджа, Түркияның Әділет министрінің орынбасары Шабан Йылмаз, сондай-ақ түрлі деңгейдегі судьялар, прокуратура және әділет органдарының өкілдері кірді.

Ақтөбе облыстық сотында Экологиялық заңнаманы қолдану бойынша сот практикасы талқыланды

24/10/2017

Ақтөбе облыстық сотында «Экологиялық заңнаманы қолдану бойынша сот практикасы» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына облыстағы судьялар мен прокурорлар, адвокаттар,  қоршаған ортаны қорғау  саласында бақылау жүргізетін мемлекеттік мекеме басшылары, Ақтөбе облысы бойынша  Экология департаментінің, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.  

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Уәлиева журналистерді қылмыстық істі реформалау барысы туралы хабардар етті

24/10/2017

Өз сөзінде Т.Уәлиева ұсынылған қылмыстық процесті реформалау Ұлт жоспарын орындау шеңберінде жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша6 арнайы құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы ГФР, (лыбритания, Эстония және Грузия елдеріне жасалған сапары аясында олардың тәжірибесін зерделеп, нәтижесінде қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері бойынша заң жобасы әзірленгенін атап өтті.

Павлодар облыстық сотында «Атамекен» кәсіпкерлердің Аймақтық Палатасы өкілдерімен кездесу өтті

24/10/2017

2017 жылдың 18 қазанында Павлодар облыстық сотында облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұловтың Павлодар облыстық кәсіпкерлер Аймақтық Палатасы өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты сот төрелігі, әділеттілік және ашықтық қағидаттары негізінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында келешектегі қарым-қатынастарды  талқылау болды.

Салықтарды төлеуден жалтарғандар мен пара берушілер ірі көлемдегі айыппұлдарды төлеуге сотталды

24/10/2017

Маңғыстау облысының Ақтау қалалық сотында мемлекетке  ірі көлемде салық төлеуден жалтарған А. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауында А.-ның декларация тапсыруға міндетті бола тұра, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізіп, салық салынатын объектілерді жасырып, басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуден жалтарғаны анықталды.

Сотта А. өзіне тағылған айыпты толық мойындады.