Салықтарды төлеуден жалтарғандар мен пара берушілер ірі көлемдегі айыппұлдарды төлеуге сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының Ақтау қалалық сотында мемлекетке  ірі көлемде салық төлеуден жалтарған А. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауында А.-ның декларация тапсыруға міндетті бола тұра, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізіп, салық салынатын объектілерді жасырып, басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуден жалтарғаны анықталды.

Сотта А. өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

Сот А.-ны кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, оған 1 481 600 теңге (800 АЕК) көлемінде айыппұл салды.

А.-ның басқаратын ЖШС-дан мемлекетке 81 914 989,74 теңге көлемінде келтірген материалдық шығынды өндіріп алу туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің талап арызы қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық соты мемлекеттік қызметті орындауға өкілетті тұлғаға пара бергені үшін Т.-ға  бір миллион теңге айыппұл салды.

Т. Қарқаралы ауданының ІІБ жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) қоғамдық тәртіпті сақтауды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесінің инспекторына автокөлікті Қарқаралы ауданының ІІБ ауласынан алып-шығу және қайтару үшін 50 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражат түріндегі параны ұсынған. Қарқаралы ауданының ІІБ ЖПҚ инспекторы Т-ға өз қызметтік міндеттерін орындап жүрген лауазымды адамға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғаны туралы ескерткен.

Ескертуге қарамастан, Т. полиция инспекторына 50000 тенге ақшалай пара апарып, үстелдің үстіне қойған жерінен Қарағанды облысы ІІД-нің Жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстаған.

Сот қылмыстық істі қысқартылған тәртіппен қарады. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінді.

Тағайындалған жазамен қоса сотталушыдан мемлекет пайдасына (сараптама жүргізу үшін жұмсалған іс жүргізу шығындары) 96 299 теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық соты лауазымдық тұлғаларды - шетел азаматтарының кіру/шығу ережелерін бұзу және заңсыз мигранттардың мекендеу орындарын анықтау бойынша өкілеттік берілген ІІД заңсыз көшін-қонға қарсы күрес бойынша арнайы жеке взводының инспекторына қатысты  пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс қарау үстінде көші-қон полициясының қызметкері Б., өзінің кабинетінде қызмет бабын пайдаланып, көші-қон заңнамасын бұзған Ресей Федерациясының азаматы В-дан әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 68 000 теңге пара алғандығы анықталды. 

Сот Б.-ны сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеп, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметінде және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан, полиция кіші лейтенант-арнайы атағынан өмір бойына айырып, 3 400 000 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.

Үкім заң күшіне енегн жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметтері