Ақмола облыстық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақмола облыстық сотының төрағасы Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы азаматтарды жеке қабылдады.

Сот төрағасының қабылдауында әр облыс аудандарынан келген 8 азамат болды.

Алдын-ала тіркеуге сәйкес қабылдауға тілек білдірушілердің бәрі қатысты.  

Келгендердің әрқайсысының мәселесі әр түрлі. Кейбір азаматтар соттан, апелляциялық сот сатыларынан өткен. Сот ісін бақылауға алу туралы өтініш білдірген азаматтарға сотта қаралып жатқан істі ешкім және ешқандай орган бақылауға ала алмайтындығы және шешім қабылдауда судьяның тәуелсіз болып табылатындығы түсіндірілді.

Өңір тұрғындарының бірі даулы мүлік мәселесі бойынша өтініш білдірді. Азаматқа жоғары сот сатыларына өтініш жазу керектігі түсіндірілді. Азаматтардың шағымдарының көбісі қылмыстық және азаматтық істер, тұрғын үй және еңбек құқықтық қатынастары жөніндегі істер туралы болды. Қабылдауға келген азаматтардың барлығының сұрақтарына жауап берілді.

 

 

Источник: 
Ақмола облысының баспасөз қызметі