Ақтөбе қалалық сотының шешімімен талапкердің бұрынғы жұмысына орналасу құқығы қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қалалық соты талапкер Н.Буртибаеваның Ақтөбе қаласының әкіміне, «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне өкімнің күшін жою және жұмысқа қайтадан орналастыру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер өзінің талап арызында Ақтөбе қаласы әкімінің 2014 жылғы 19 маусымдағы оны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымынан босату туралы өкімімен келіспейтіндігін мәлімдеген. Ақтөбе қаласы әкімінің 2014 жылғы 10 маусымдағы өкімімен талапкердің уақытша еңбекке жарамсыз болуына байланысты бөлім басшысының міндетін атқару басқа тұлғаға уақытша жүктелген болатын.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс беруші жұмысшының уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде онымен еңбек шартын бұза алмайды, талапкермен еңбек қатынастары 2014 жылдың 10 маусымынан бастап 24 маусымға дейнгі аралықта тоқталылған. Дегенмен Н. Буртибаева өз құқығын қорғау мақсатында сотқа шағымдануға мәжбүр болды.

Ақтөбе қалалық соты өкімнің күшін жойып, талапкердің жұмысқа  қайта орналасу құқығын қалпына келтірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі