БАҚ үшін хабарлама

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БАҚ үшін хабарлама

 Астана қаласы                                                                                                                                                                                 10  сәуір 2014 жыл

 

    Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын талқылау үшін бірқатар өңірлерде, атап айтқанда Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарында семинар өтті.

Осы шараларға Жоғарғы Сот судьялары, жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары, әкімдіктердің, прокуратура, әділет, ішкі істер органдарының, Нұр Отан партиясының, адвокатура, нотариат, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бұл жоба - Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін жаңғырту жөнінде қойған міндеттерін іске асыру үшін Жоғарғы Соттың жұмыс тобының ұзақ және тынымсыз жасаған еңбегінің нәтижесі.

Заң жобасын әзірлеудің алдында Азаматтық іс жүргізу кодексі жобасының Тұжырымдамасы  қабылданды. Тұжырымдамаға сәйкес оның жеделдігін арттыру, соттардың қызметінде техникалық құралдарды пайдалануды кеңейту, сондай-ақ сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдерін белсенді қолдану үшін азаматтық іс жүргізу заңнамасын жаңғырту арқылы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы тиімді қорғауды қамтамасыз ету осы заңды қабылдаудың мақсаты ретінде айқындалды.

Заң жобасының ережелерін қалың жұртшылыққа жеткізу және жариялылық мақсатында семинарға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясы қоғамдық талқылауға шығару үшін www.sud.kz - Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында орналастырылғанын естеріңізге саламыз.

 

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі