Батыс Қазақстан облыстық сотында алқабилер тізіміне үміткерлерді іріктеу туралы сұрақтар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Алқабилер тізіміне үміткерлерді іріктеу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының және БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  судьялары (кейін-БҚО ҚІЖМАС), жергілікті атқарушылық және құқық қорғау органдарының, адвокаттар алқасының, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов ашып, республиканың сот жүйесіне алқабилер институтының ерекше маңыздылығын айтты. «Біздің мемлекетіміздің құқықтық саясаты алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санын көбейтуге бағытталған. Сонымен бірге, біздің еліміздің алқабилер институтының жөнге салынған және адал жұмыс мүдделі жақтармен ғана дәрежесін көтере алады»-деп  А.Жұмағұлов айтып кетті.

БҚО ҚІЖМАС-ның төрағасы Қайрат Шалқаров өзінің баяндамасында қылмыстық іс қарау кезінде анықталған алқабилер үміткерлерінің тізіміндегі кемшіліктерді арнай мысал келтіріп айтып өтті. Тәжірибе көрсеткендей, тізімге егіде 82–ден 86 жас аралығындағы, объективті сотқа қатысуға мүмкіндіктері жоқ тұлғалар және де тұрақты қонысын басқа облысқа ауыстырғандар, ішкі істер органының қызметкерлері, адвокаттар және бұрын сотталған тұлғалар, тізімге қайтыс болған азаматтар да кіргізілгендігі  сот отырысына шақыртылған кезде олардың  тума-туысқандары жағынан әділ таңырқауды тудырады.

Кемшіліктердің болуы қылмыстық істердің қаралуын созбалаңға салуда және тұлғаларды шақыртуға кеткен бюджет қаражатын шығындарын ұлғаюына әкеп соғады.

Сонымен қатар, қылмыстық қудалау органының, адвокаттардың, қылмысқа тартылған тұлғаларға алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот өндірісінің өткізу мүмкіндігі туралы түсініктеме беру жұмыстарының кемшіліктері  аталды.

БҚО ҚІЖМАС-ның мәліметіне сай, 2013-2017 жылдар аралығында алқабилер қатысуымен 29 тұлғаға қатысты 22 іс қаралған. Соның ішінде алқабилер қатысуымен қаралуына өтініш түсіріп, 2 іс ақталып,  9 тұлғаның әрекеті қылмыстың неғұрлым ауырлығын төмен дәрежеленіп, 1 тұлғаға үкімнің орындалуына мерзім берілген. Көрсетілгендей, сотталғандардың алқабилердің қатысуымен қарауды сұрау оң нәтиже беруі мүмкін.

Осыған байланысты, судьялар осы бағыттағы жұмыстың жақсаруына өз ұсыныстарын қосты. Жергілікті басқару органдарының алқабилер институты туралы халықты ақпараттандыру жұмысын жақсартып және алдағы уақытта алқабилер тізімін құруда алқабилерді таңдау сапасын көтеру ұсынылды. Қылмыстық қудалау органына және адвокаттарға, күдіктілер мен айыпталғандар арасында алқабилер тәртібімен қаралатын істер бойынша  түсіндірме жұмыстарын нығайту ұсынылды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі