Грузия Жоғарғы Сотының Төрағасымен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Грузия Жоғарғы Сотының Төрағасы Нино Гвенетадзе бастаған судьялар делегациясының Қазақстанға ресми сапары басталды. Іс-шара Қ.Мәмидің жеке шақыруымен өтуде.

Сапар шеңберінде Қазақстан Республикасының жоғары сот органының басшысымен екіжақты кездесу өтті. Кездесуде Қ.Мәми қылмыстық процесті реформалау жөніндегі жұмыстар аясында құқықтық мәселелер бойынша жақында Грузияға барған делегацияны қонақжайлықпен қарсы алғаны үнін шетелдік қонаққа алғысын айтты. Бұл Нино Гвенетадзенің Қазақстанға алғашқы сапары екендігі ескеріліп, соның шеңберінде оның Астана қаласымен танысып, ЭКСПО-2017 көрмесін аралап көруге тамаша мүмкіндігі бар екендігі айрықша атап өтілді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Грузия делегациясының бұл сапары еліміз үшін ең маңызды мемлекеттік мереке – Конституция күніне орайлас келгеніне тоқталып өтті. «Жыл сайынғы конституциялық оқылымдарға қатыса отырып, Сіз Қазақстанның қоғамдық өмірінің барлық салаларында болған зор өзгерістер туралы тереңірек біле аласыз», – деді ол. Сонымен қатар, шетелдік қонақтарды сот жүйесінің құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-қаржылық кепілдемелерін айтарлықтай күшейткен еліміздің Ата заңына енгізілген соңғы конституциялық реформалардан хабардар етті.

Қ.Мәми грузин тарапының өтініші бойынша іс-сапар бағдарламасына Жоғарғы Соттың мамандандырылған алқа төрағасымен, сондай-ақ Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығының және электрондық сот төрелігінің жұмысымен танысу үшін Астана қаласының сотында болуы көзделгендігін айтты. Қазіргі уақытта соттардың әкімшілік мәселелерін жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы атап өтілді. Мысалы, бюджет, судьялардың кәсіби мансабы, сот істер бойынша білім беруі, ақпараттық технологиялар және т.б. Осыған байланысты, озық шетелдік тәжірибелер белсенді түрде зерделенуде, соның ішінде Грузияның тәжірибесі, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдар ішінен серіктестер тартылуда. Екі елдің соттары жұмысының мәселелері бойынша келелі пікірлер алмасылды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Грузия сот жүйелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.

Одан әрі шетелдік делегация Қазақстан Жоғарғы Сотының судьяларымен және Сот төрелігі академиясының басшылығымен кездесіп, одна Нино Гвенетадзе Грузияның сот жұмысындағы соңғы өзгерістер туралы жан-жақты әңгімелеп берді.

Сонымен қатар, іс-сапар шеңберінде Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.Роговпен, Бас Прокурор Ж.Асановпен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровпен кездесулер жоспарланған.

Бұған қоса, Грузияның Жоғарғы Сот Төрағасы «Конституция және қоғам мен мемлекетті жаңғырту» атты халықаралық конференцияға қатысып, ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне барады.  

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі