Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің құттықтауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қымбатты оқырмандар!
 
Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы, елдік дәстүрдің негізі.

Ұлық мейрам қазақстандықтарды ынтымақ пен бірлікке, достық пен татулыққа үндейді, әділетті қоғам құруда ортақ мақсатқа ұйыстырады.

Наурыз мейрамы ұлттық құндылықтарды одан әрі дәріптеуге, ұлттық бірегейлігіміз бен ел бірлігін нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

Құрметті оқырмандар, Ұлыстың ұлы күні сіздерге зор денсаулық, толымды табыс, отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін.

Ұлыс оң, ақ мол болсын! Әз-Наурыз құтты болсын!