ҚР Жоғарғы Сотының ресми сайтында «Тыңдалатын істер тізімдері» атты жаңа бөлім құрылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) www.sud.kz cайтында «тыңдалатын істер тізімдері» атты жаңа бөлімнің құрылғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және облыстық соттары сайтының бірыңғай тұғырнамасы, жүйеленген интуитивтік-түсінікті құрылымы, сондай-ақ бөлімдер бойынша ыңғайлы навигациясы бар, мұның бәрі азаматтарға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, республиканың облыстық, қалалық және аудандық соттарының тағайындалған істерінің кестелерімен танысуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, тұрақты толықтырылып отыратын бөлімде сайтты пайдаланушылар соттар қарайтын істердің түрлері бойынша ғана емес, сондай-ақ жеке сот сатылары бойынша да мәліметті біле алады.

Осы серверді пайдалана отырып, іске қатысатын адамдар тағайындалған сот тыңдауының уақыты мен күнін, отырыс залдарын жылдам білу мүмкіндігіне ие болады.

Осындай бөлімнің құрылуы сот жүйесі қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде, азаматтар құқықтарының, бостандықтары мен мүдделерінің қажетті деңгейде қорғалуына ықпал етеді.

 

ҚР Жоғарғы Сотының Баспасөз қызметі