Мемлекеттік туды дұрыс қолданбағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 354-1-бабының 1-бөлігі бойынша  (Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын заңсыз пайдалану)  А. Есенбековке қатысты істі қарады.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, құқық бұзушы А.Есенбеков әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бір ай бұрын Интернет-ресурстарда құрылыстан тиелген қоқысы Мемлекеттік тумен жабылған «КамАЗ» маркалы жүк көлігінің суреті шыққан болатын.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі