Салық басқармасының бұрынғы басшысы қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кеше Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Құрмашев Бақыт Нұрматұлына қатысты әкімшілік істі қарады. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467-бабының  3-бөлігі,  468-1 бабының, 469-бабының 2-бөлігі (жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер, көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол  жүрісі және көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, өзi қатысушы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша айып тағылды. 

 2014 жылығы 20 шілде күні сағат 22.00-де Б.Н. Құрмашев мас күйінде «Лексус» маркалы автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып, денсаулығына орташа түрдегі зақым келтірген. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Құрмашев әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 30 тәулікке қамауға алу және 7 жыл мерзімге автокөлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Источник: 
Алматы қалалық баспасөз қызметі