Сот әкімшілігі басшысының орынбасары А.Мүсралинов БҰҰ Комитетінің 30-сессиясында сөз сөйледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Асылбек Мүсралинов қазақстандық делегацияның құрамында Женевада (Швейцария) өткен БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің 30-шы сессиясына қатысты, онда Қазақстанның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын жүзеге асыру барысы туралы баяндамасы тыңдалды. Делегация құрамында Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері де болды.

БҰҰ Комитетіне Қазақстанның елде мүгедектігі бар адамдардың толыққанды жұмыс істеуі, қазақстандық қоғамның өміріне қатысуы және Конвенцияға сәйкес олардың өз құқықтары мен бостандықтарының, соның ішінде сот сатыларында жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайларды жасаудағы жетістіктері туралы ауқымды ақпарат берілді.

Өз сөзінде А.Мүсралинов сот төрелігіне қол жеткізу туралы міндеттемелерді орындау бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталып, сот арқылы қорғалу құқығы туралы конституциялық норманы іске асыру бөлігінде қазақстандық соттардың цифрлық мүмкіндіктері мен инфрақұрылымын, мүгедектігі бар адамдардың құқық қабілеттілігін танудың азаматтық іс жүргізудегі ерекшеліктерін, т.б. атап өтті.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын кеңейту және олардың қоғам өміріне тең және толық қатысуын қамтамасыз ету үшін кейбір нормаларды Конвенция талаптарына
сәйкестендіру жөніндегі заңнамалық бастамалар туралы айтылды.

БҰҰ Комитеті қазақстандық делегацияның баяндаманы қарауға дайындығын жоғары бағалады және интерактивті диалог барысында сындарлы көзқарасы үшін алғыс білдірді.

АНЫҚТАМА:

БҰҰ Комитеті қатысушы мемлекеттердің Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенцияның орындалуын бақылайтын 18 тәуелсіз сарапшыдан тұрады.

Конвенцияның 35-бабына сәйкес, мемлекет алғашқы баяндамасын Конвенцияны ратификациялағаннан кейін екі жыл ішінде, содан кейін әрбір төрт жыл сайын ұсынуы керек.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың Баспасөз қызметі