Сот Әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакировтің құттықтауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қымбатты ханымдар!

Барша адамзаттың нәзік жанды өкілдерін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сот әкімшілігінде және оның аумақтық департаменттерінде арулар жұмыс істейді. Олар ерекше табандылықты, ұқыптылықты, адалдық пен жоғары орындаушылық тәртібін талап ететін құрылымдарда қызмет атқарады.

Құрметті ханымдар! Осы жарқын көктем мерекесінде ең ізгі ниетті құттықтауымды қабыл алыңыздар. Сіздер шадыман көңіл-күйде болып, жаңа жобаларыңыз жүзеге асуына, жұмыста жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін.

Бүгінгі мерекеде отбастарыңыз бен жақындарыңыз жандарыңызда болып, гүлдерін және шат күлкі сыйласын.

Сіздерге және туған-туыстарыңызға бақ-береке тілеймін!

 

Сот әкімшілігінің басшысы

Наиль Ахметзакиров

 

 

 

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі