Сотталған азаматқа тыйым салынған затты табыстағаны үшін сот әкімшілік жауапкершілікке тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 367-бабы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде отырған адамға сақтауға, пайдалануға тыйым салынатын заттарды бергені үшін бұрын сотты болған азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта К. жалпы тәртіптегі түзету колониясында отырған сотталған адамға тексерістен жасырын түрінде сақтауға және  пайдалануға тыйым салынатын затты бермекші болғаны анықталды. Атап айтқанда, К. телефонның SIM-картасын аяқ киім ұлтарағының астына жасырып бермекші болған.

Сот қаулысымен азамат К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 367-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, яғни 1 852 теңге сомасына  айыппұл салынып, SIM-картасы тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі