Судьялар Одағы және Америкалық заңгерлер ассоциациясы жас судьяларға арнап бірлескен семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

22 тамызда Алматы қалалық соты ҚР Судьялар Одағының Қазақстан Республикасындағы ABA ROLI Америкалық заңгерлер ассоциациясының өкілдігімен ынтымақтастығының аясында «азаматтық істер жөніндегі сот шешімдерін құру әдістемелері» деген тақырыпта ғылыми-практикалық семинар өтті. 

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы С.Байбатыров ашып, бұл шараның жас судьялар үшін маңызды екендігін атап өтіп: «Бұл тақырып кездейсоқ таңдалмаған. Өзекті мәселелерге сауал жүргізу барысында еңбек өтілі аз судьялар азаматтық сот шешімдерін шығаруға қиналатындықтары анықталған. Осыған байланысты Америкалық заңгерлер ассоциациясының қазақстандық өкілдігінің қолдауымен Алматы қаласының жас судьяларын оқыту туралы шешім қабылданды», - деп айтты. 

Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.Мәлік-тегі семинарға қатысушыларға терең білім алып, оны практикалық қызмет жүзінде тиімді пайдалануға сәттілік тіледі.    

Семинарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Н.Мамонтов, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының отставкадағы судьясы И. Қуанова сөз сөйледі.

Алматы қаласының аудандық және оған теңестірілген соттарында жас судьялардың сабағы «Сот шешімі – процессуалдық құжат», «Талап өндірісі азаматтық істері жөніндегі даярлау әдістемесі», «Талап өндірісі азаматтық істері жөніндегі сот шешімін құру әдістемесі» тақырыптарындағы төрт сессия формасында жүргізілді. Бұл сот шешімінің процессуалдық сипатын, сот пен құқықтық мәдениет шешімдерінің өзара байланысын,   талап арыз өндірісінің азаматтық істері жөніндегі сот талқылаулары істерін даярлау туралы мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді. Даулы немесе даусыз жағдайлар істері бойынша шешім құру ерекшеліктері егжей-тегжей қарастырылды. Сот шешімінің кіріспесі мен сипаттамасы, уәждеу және қарар бөлігінен бастап қателерді түзету, шешімдегі тізім, қосымша шешім шығаруға дейінгі құрылымы мен мазмұнына басым назар аударылды.       

Семинарға қатысушылар алған білімдерін алысқа ұзамай тұрып бекітуге мүмкіндік алды – олар үшін интерактив формасында тренинг өткізілді. 

Семинар қорытындысын шығару барысында оңтүстік астананың жас судьялары ҚР Судьялар Одағына және сарапшылар Н.Мамонтов пен И.Қуановаға алған білімдері үшін алғыс білдірді.  

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі