Жергілікті мемлекеттік органдар арасында волейболдан жарыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 16 тамызда  Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде Конституция күні мерекесіне орайластырылып, жергілікті мемлекеттік органдар арасында волейболдан жарыс өтті.   

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараның мақсаты жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін достыққа, патриоттық сезімге, салауатты өмір салтына баулу болып табылады.

Жиынды облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Төлепбергенұлы Адранов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс өте тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті иеленді.

Іс-шара соңында жарысты ұйымдастырушылар жеңімпаздарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі