Жоғарғы Сот бизнестің құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта «Альянс-Газ» ЖШС-нің кассациялық шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істің мәні:

​Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы ЖШС-нің үстінен нысанды өз бетінше салған құрылыс деп тану, жауапкердің қаражаты есебінен автогазын толтыру стансасын бұзу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот нысанды рұқсатсыз салынған құрылыс деп тану талаптары бөлігінде іс жүргізуді тоқтатқан, өйткені Заңда мұндай мазмұндағы талап қоюларды қарау көзделмеген.

Талап қоюдың қалған бөлігін қанағаттандыра отырып, сот Серіктестік АК-ның 244-бабының 1-тармағына сәйкес рұқсат етілмеген құрылысқа қатысты ғимарат құрылысының заңдылығын растайтын дәлелдемелерді ұсынбағанын негізге алған.

Сонымен қатар, сот талап қоюшыға және Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына қатысты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы саласында өздеріне жүктелген функцияларды тиісінше орындамауына байланысты жеке ұйғарым шығарған.

Апелляциялық сатыдағы сот соттың қорытындыларымен және қабылданған сот шешімдерімен келіскен.

Жоғарғы Сот сот шешімдерінің күшін жойды және талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарды.
«Альянс-Газ» ЖШС-нің өтінішхаты қанағаттандырылды.

Кассациялық сатыдағы сот мынаны назарға алды.

Бұл ЖШС 2016 жылғы 9 желтоқсандағы сатып алу-сату шарты негізінде жанармай құю станциясының иесі болып саналады.

Қала құрылысын бақылау басқармасы тарапынан 2019 жылдың қыркүйегінде жүргізілген тексеру барысында ЖШС қолданыстағы жанар-жағармай құю станциясының ғимаратында қайта жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталған.

Алайда, бақылаушы орган рұқсат етілмеген құрылыс ретінде ғимаратты түгелдей сот арқылы бұзуды талап еткен, ал үй-жайлар оған жатпайды, себебі, ЖШС-да құқық белгілейтін құжаттар бар.

Серіктестік 600 мыңнан астам сомаға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
1) автогаз үшін цистернаны реконструкциялау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының (ҚМЖ) басталғаны туралы хабарламасыз және шаруашылық жүргізу құқығымен жобалық-сметалық құжаттамасыз жанар-жағармай құю станциясының тұрғын емес үй-жайларында ҚМЖ-ын жүргізгені үшін;
2) бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындамағаны үшін.
 
Істі қарау кезінде төрағалық етуші Н.К.Шәріпов ЖШС аталған жер телімінің иесі екенін атап өтті. 1999 жылдан бері жұмыс істеп тұрған жанар-жағармай құю бекеті өз шегінен шықпаған. Меншік иесінің құқығын ешкім жоймаған.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың Баспасөз қызметі