Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің құттықтауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ардақты аналар мен арулар!

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның бүгіні мен болашағы көп жағдайда әйелдердің отбасындағы даналығына, адалдығы мен сарқылмас күш-жігеріне байланысты.

Сот жүйесінің нәзік жанды өкілдері қоғамдағы заңдылықты нығайтуға зор үлестерін қосуда.

Құрметті ханымдар! Осы мерейлі мереке күні сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, жан жылуын, отбасылық бақыт және кәсіби қызметтеріңізге толайым табыс тілеймін!

Өмірлеріңіз шаттыққа, жақсылыққа толсын, қуанышты күндеріңіз көп болсын!

 

Құрметпен,

Жоғарғы Сот Төрағасы

Асламбек Мерғалиев

 

 

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі