Жоғарғы Сотта аруларды мерекелерімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органындағы әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

А.Мерғалиев Президенттің мемлекеттік қызметке әйелдерді көбірек тарту қажеттігі туралы пікірін еске сала отырып, сот жүйесінде еңбек етіп жатқан нәзік жанды әріптестерге ізгі тілегін білдірді.

«Осы мерейлі мереке күні біз қымбатты аруларымызға жылы лебіздерімізді және ыстық ықыласымызды білдіреміз. Сот корпусында қызмет атқарып жүргендердің қатарында әйелдер көптеп саналады.
Өйткені, әйелдер өз істеріне ұқыпты, жауапты және іскер қасиеттерімен ерекшеленеді, кез келген кикілжіңде тараптарды татуластыруға бейім тұрады”,- деп атап өтті өз сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы.

Ол әйелдер қауымын құттықтай отырып, қызметте табыс, өмірлерінде бақыт, шаттық пен жақсылық, қуанышты күндері көп болуын тіледі.

Жоғарғы Соттың судьясы Талғат Ибрашев мерекемен құттықтап, игі тілегін жырмен жеткізді.

Салтанатты іс-шара соңы концертке ұласты.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың Баспасөз қызметі