Жоғарғы Соттың Департаменті «Қазақпарат» агенттігімен меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС арасында Өзара ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Жоғарғы Сот атынан Департамент басшысы І.С. Испанов, ал «Қазақпарат» ЖШС атынан оның бас директоры Д.К. Дияров қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың басты мақсаты өзара ақпарат алмасу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту болып табылады. Аталған іс-шара Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сот жүйесінің ашықтығын арттыру бойынша берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде өткізілді.  

«Қазақпарат» - Қазақстанда алғаш болып халықаралық мәртебе алған мемлекеттік жетекші ақпараттық агенттік. Агенттік 4 (төрт) тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) ақпарат таратады. Сайттың қазақша бөлігін латын графикасы мен төте жазу нұсқасында оқуға болады. Агенттіктің сайтына күніне 20 мың мен 27 мың шамасында тұтынушы кіреді, ал сайтты қарау жиілігі орташа есеппен 400 мыңды құрайды.   

Источник: 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Баспасөз қызметі