ЖСК Төрағасы А.Смолин: «Әр судья кәсіби салада және қоғамда байсалды болып, судья әдебін сақтап, адамгершілігі жоғары болуы керек»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотында жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары лауазымына іріктеу бойынша жалпы отырыс жұмысына Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин қатысты.

Жалпы отырыста 19 үміткерге қатысты материал қаралды. Олардың 16-сы бүгінде жұмыс істеп жүрген судьялар, 3 үміткер конкурсқа алғаш қатысып отыр.

Судья лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысқан  кандидаттарды қарау барысында үміткерлердің кәсіби және моральдық-әдебі, судьялардың еңбек өтілі мен жұмыс істеу сапасына да назар аударылды. Аудандық және оған теңестірілген соттарда бес жылдан артық жұмыс істеген судьялар облыс оралығындағы соттарға немесе басқа өңірлердің қалалық соттарында жұмыс істеуге ниетті. Негізгі себептер отбасылық жағдай болып табылады.

А.Смолин өз сөзінде, әр судья кәсіби салада және қоғамда байсалды болып, судья әдебін сақтап, адамгершілігі жоғары болуы керектігін атап өтті.  Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы сот корпусын кандидаттарды талқылау жұмысына жауапкершілікпен қарауға, лайықты тұлғаларды іріктеуге шақырды. Ал жұмыста өрескел заң бұзушылықтарға  жол беріп, судья әдебін сақтамайтын қызметкерлерді судьялық лауазымда ұстамауды ұсынды.

Талқылау нәтижесі бойынша 19 үміткердің 16-сы оң қорытынды алды.

 

Шығыс  Қазақстан облыстық сотының жалпы отырыс жұмысына Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Владимир Рычков қатысты.

Жалпы отырыста Жоғарғы Кеңестің республика судьяларының бос лауазымына үміткерлерге жарияланған хабарламасы бойынша конкурсқа қатысатын 27 үміткердің қойылатын талаптарға жарамдылығы қаралды.

Жалпы отырыстың алдында құрамына жергілікті қоғамның белді өкілдері кіретін Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Қоғамдағы пікірді білу мақсатында үміткердің тізімі облыстық соттың ресми сайтында жарияланған болатын.

Кеңес барысында  облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылатын жоғары талаптар шеңберінде білімнің жоғары деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттер және мінсіз бедел бос судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері екенін атап өтті.

Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі  өлшемдері - жоғары білім деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттері мен мінсіз беделі болып табылады. Үміткерлердің іскерлік әрі жеке қасиеттеріне, судьяның беделі мен қадір-қасиетіне кір келтіретін немесе сот төрелігін адал, әділ және бейтарап іске асыратынында күмән туғызатын мән-жайларға, сондай-ақ үміткерлердің тәжірибелеріне ерекше назар аударылды.

Талқылаудың нәтижесінде 27 үміткерге оң қорытынды берілді.

Источник: 
Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстық соттарының баспасөз қызметтері