Жоғарғы Сот

Уақыт пен қаржыны үнемдеу – Жоғарғы Сот жанындағы Департамент пен «Қазпочта» АҚ-ның интеграциялық іс-шараларының басты мақсаты

07/08/2014

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазпочта» АҚ-ның республикадағы сот және почта органдарының ақпаратттық жүйелерін интеграциялау жұмыстарының 1-кезеңін іске асыру барысын, сондай-ақ осы бағыттағы перспективалық жоспарларды бекітуді талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испанов және «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Б.Б. Мусин қатысты.

Сот ісін жүргізудегі онлайн технологиялар қоғам мен мемлекет игілігіне айналуда

07/08/2014

«Сот кабинеті» электронды сервисі Қазақстанның сот жүйесінде сәтті іске асырылуда. Айталық, 2014 жылғы 21 шілде мен 4 тамыз аралығында Жоғарғы Соттың «Сот кабинеті» арқылы электронды түрдегі 1002  өтініш берілді. 

Жоғарғы Соттың веб-сайты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары арасында көш бастады

02/08/2014

Мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарының рейтингісі бойынша ҚР Жоғарғы Сотының веб-сайты 2014 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша (www.facebook.com/AO.Kazcontent) 1 орын алды. Аталған рейтинг «Қазконтент» АҚ-ның 30 мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурстарының контенттік сүйемелдеу мен алға бастыруына жасаған талдауы негізінде шығарылған.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз ету үшін нормативтік қаулы қабылдады

16/07/2014

Сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, оны басы артық төрешілдік рәсімдерден арылту – азаматтардың күнделікті өмірінде және мемлекеттік билік органдарының жұмысында орныққан жаңа ақпараттық технологияларды белсенді түрде енгізудің арқасында мүмкін болды. Ал бұл көптеген қолайсыздықтардан арылуға және уақыт пен қаржы ресурстарын аз жұмсау арқылы барынша тиімді нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Cөз бостандығының халықаралық стандарттарын сот тәжірибесінде қолдану

19/06/2014

Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық демократиялық стандарттарға сәйкес сөз бостандығы мен ар-намыс, қадір-қасиеттің қорғалуына кепілдік береді. Барлық демократиялық елдердегі секілді, еліміздің сот органдары да осындай құқықтардың тепе-теңдігінің бұзылуы туралы азаматтардың күрделі дауларын жиі шешеді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен «Қазпочта» АҚ ақпараттық өзара іс-әрекет жөніндегі бірлескен бұйрыққа қол қойды

29/05/2014

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазпочта» АҚ почталық жөнелтілімдерді жіберу және өңдеу саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді қарастыратын ақпараттық өзара іс-әрекет схемасы бекітілген бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Құжатқа Жоғарғы Сот аппаратының Басшысы Ілияс Испанов және «Қазпочта» АҚ Басқарама Төрағасының орынбасары Мұрат Жарылқағанов қол қойды.

2014 жылдың 6 маусымында ҚР Жоғарғы Соты халықаралық конференция өткізеді

29/05/2014

2014 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты IRZ халықаралық құқық ынтымақтастығы Герман қорымен бірлесіп қазақстандық Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясының жобасын талқылау шеңберінде «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі – уақыт талабы» тақырыбында халықаралық конференциясын өткізеді.

Халықаралық конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, отандық және халықаралық сарапшылар қатысады.

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

25/04/2014

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот және жергілікті соттар судьялары, Конституциялық Кеңес мүшелері, Бас Прокуратураның, Судьялар одағының, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты.  

 

 

 

Жоғарғы Сотта жаңа судьялар

26/12/2013

26 желтоқсанда Парламент Сенатының жалпы отырысында отставкаға шығуына байланысты Жоғарғы Соттың үш судьясы: Гүлнар Рыспекова, Раушан Нұртай, Анатолий Линник қызметтерінен босатылды.

Сенат депутаттары аталған судьялардың сот жүйесінде жұмыс атқарған кезінде сот төрелігін жүзеге асыруға лайықты үлес қосқандарын атап өтті.

Сондай-ақ, жалпы отырыс барысында Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Парламент Сенатының қаулыларымен Жоғарғы Соттың бес жаңа судьясы: Лаура Ағыбаева, Елена Ақмолдаева, Ирина Калашникова, Маргарита Одинцова, Амангелді Сәрсенбаев сайланды.

Тәуелсіздік күніне орай судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды

14/12/2013

14 желтоқсанда Жоғарғы Сотта ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен судьялар және сот жүйесінің қызметкерлерін құттықтады.

Беттер