Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот төрелігі академиясы

Оқуға түсушілерге арналған ақпарат

"Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асыратын, ерекше мәртебесі берілген, жоғары оқу орны болып танылады.

Жоғарғы Сот Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.

Академия 2016 жылғы 01 шілдеде жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру саласында "6М030100-Құқықтану" мамандығы бойынша, оқу мерзімі 1-1,5 және 2 жыл, білім беру қызметін жүргізуге №KZ44LAA00007363 мемлекеттік лицензиясын алған.

Өтініштерді қабылдау шілде айының 10 жұлдызынан бастап 30 жұлдызына дейін (қоса алғанда) қабылданады

Түсу емтихандары 10 тамыздан бастап 20 тамызға дейін өткізіледі

Заңды мекенжайы және орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, 46 үй.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Магистратураға түсуші мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қойылатын талаптар

Білімге

қойылатын талаптар

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар

Жоғары заң білімі туралы құжаттың болуы

 

·             сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор лауазымдарынан оқуға алынатын адамдар үшін – осы лауазымда кемінде үш жыл немесе заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде сегіз жыл

·             заңгерлік кәсібі бойынша басқа лауазымдардан оқуға алынатын адамдар үшін – сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл немесе заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде сегіз жыл

·             заңгерлік мамандықтан басқа лауазымдардан оқуға алынатын адамдар үшін – сот отырысының хатшысы, сот консультанты (көмекшісі), прокурор, адвокат ретінде кемінде бес жыл немесе заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде он жыл

Құжаттарды беру тәртібі

Құжаттар қолма-қол немесе электрондық түрде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет ресурсы «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы беріледі.

Электрондық түрде берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

Электрондық түрде берілген құжаттардың түпнұсқаларын, салыстырып тексеру үшін магистратураға құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін ұсынылуы тиіс.

Құжаттардың көшірмелерімен қоса тексеріп салыстыру үшін олардың түпнұсқалары беріледі.

Түпнұсқалары тексеріп салыстырылғаннан кейін кері қайтарылады.

Оқуға түскен тұлғаға құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.

Шетелдік білім ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылуы (нострификациялануы) тиіс. Шетел тілінде берілетін құжаттың нотариалдық куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы болуы қажет.

Түсу емтихандары

 1) шет тілі (тестілеу технологиясы бойынша ҚР БҒМ ҰТО)Магистратураға мынадай түсу емтихандары тапсырылады:

Төменде көрсетілген бағдарламалар бойынша Тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмелерін (олар болған жағдайда) ұсынған жағдайда шет тілі бойынша емтихан тапсырудан босатылады:

- ағылшын  тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0);

- неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ деңгейі С1), TestDaF-Prufung (Niveau C1/деңгейі С1);

- француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқылым және айтылым секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaisе (DELF, деңгейі В2), Diplome Approfondi de Langue franзaisе (DALF, деңгейі С1), Тest de connaissance du franзais (TCF - кемінде 400 балл).

2) мамандық бойынша емтихан

Мамандық бойынша кешенді емтихан

1)   Қылмыстық құқық

2)   Қылмыстық процестік құқық

3)   Азаматтық құқық

4) Азаматтық процестік құқық

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізбесі

Академияға оқуға түсушілер Қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) өтініш ( бекітілген нысанға сәйкес толтырылады);

2) жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

3)  жоғары білім туралы құжаттың (құжаттың қосымшасымен бірге) нотариалды расталған көшірмесі;

4) мемлекеттік орган басшысының қолы қойылған жолдама;  

5) жұмыс орнынан расталған кадр есебі бойынша жеке іс парағы;

6) жұмыс орны бойынша куәландырған еңбек қызметін растайтын құжат;

7) жұмыс орнынан сот жүйесінде, прокуратура органдарында, құқықтану кәсібі бойынша жұмыс өтілі көрсетілген  анықтама;

8) бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат көшірмесі (болған жағдайда):

9) 3х4 см көлемдегі алты түрлі-түсті фотосурет;

10) 086-У нысандағы медициналық анықтама;

11) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі және байланыс деректері

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – жұма: сағ. 09.00-17.00-ге дейін

Түскі үзіліс: сағ. 13.00-14.00

Сенбі: сағ. 09.00-13.00

Жексенбі: демалыс

Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 46-үй

Анықтама телефондары:

жұм. тел.: 8 /7172/ 71-08-66; 71-08-50

ұялы тел.: 8-707-476-40-26

Қабылдау қағидалары

Қабылдау емтихандарының бағдарламасы

Қабылдау емтихандарының кестесі