Судьялар одағының Атырау филиалы облыс әкімдігі басқармаларымен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысы бойынша Судьялар одағы филиалының төрағасы Айгүл Ташенова білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауовамен, ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембивпен, мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Жолаевпен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылар Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында А.Ташенова Елбасының бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен уақыттылығын айта келе, Судьялар одағының филиалы сот жүйесінің міндеттері мен жетістіктерін қамтамасыз етуді ұйымдастырудың басты тетігі бола отырып, елдің рухани жаңғыру бағытын жүзеге асыруды қолдайтындығын айтты.

«Бұл кездесу Жоғарғы Сот «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстелде» қабылданған қарарды орындау мақсатында өткізіліп отыр. Соған байланысты, біз өкілетті мекемелермен бірлесе отырып, бірқатар ұсыныстарды әзірледік және оларды бүгін Меморандум ретінде бекітуді ниет етіп отырмыз. Аталған Меморандум мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі болады» - деді А.Ташенова.

Кездесуде сөз алған басқарма басшылары қол қойылған Меморандум шеңберінде үнемі ақпарат алмасып, сот корпусымен бірлесіп, түрлі тарихи-танымдық шаралар өткізілетінін атап айтты.

Кездесуге қатысушылар Меморандумға қол қою соттың білім және мәдениет саласындағы бірлескен жұмысын дамытуда үлкен қадам болатынына сенім білдірді.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі